Қоғам
Көпір опырылып, пойызды басып қалды: жеті адам қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 маусым, 2025
- 543
Ресейде көпір опырылып, пойыздың үстіне құлады.
Ресейдің Брянск облысында үстінде жүк көлігі келе жатқан көпір опырылды. Ол құлап, астында өтіп бара жатқан пойыздың вагонына түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Baza Telegram арнасы жазды. Апаттың салдарынан, 7 адам қаза тауып, 30-дан аса адам зардап шеккен. Көпір фурамен бірге жолаушылар пойызының үстіне құлаған.
"Климово – Мәскеу бағытында жүрген №86 жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондары рельстен шығып кетті. Бұл апат автомобиль көпірінің құлап түсуінен болды. Ал көпірдің құлауына көлік жұмысына заңсыз араласу себеп болған", - деп хабарлады КТЖ.
Келесі мақала
Ақтауда 1 маусымда балалар жоғалып кетті (ВИДЕО)
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




