Қоғам

Ақтауда 1 маусымда балалар жоғалып кетті (ВИДЕО)

Балалар күнінде тегін балмұздақ таратылып, дүрбелең болды.

Ақтауда Балаларды қорғау күнінде тегін балмұздақ таратылды. Алайда мерекелік шара абыр-сабырға ұласты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, «Толқын-1» шағынауданындағы «Abu Baby» балалар киім дүкенінің алдында жергілікті кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратқан. Оларға арнайы ойын-сауық ұйымдастырған.

Бірақ дүкен маңында халық көп жиналып, 

Өкінішке қарай, той-думан оқыс оқиғамен аяқталды – көпшіліктің ортасында бірнеше бала жоғалып кеткен. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, тәртіпті қадағалауда.

Қалалық әкімдік пен полиция департаменті әзірге жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.