"Ақнәрға жын кірді":Марқұм Ақнәрдің екінші құрбысы Рано өз шындығын айтты (Видео)
Рано: Біз бәріміз ішімдік іштік, Ақнәр мені сабап өлтіре жаздады.
Ақнар Гүлістанның екінші құрбысы Рано қайғылы жағдай болған түні не болғанын толықтай айтып берді. Раноның сөзінше Ақнәр екеуі жақсы құрбы болған. Бір курста оқыған. Осыған дейін ешқашан ұрысып, араларында кикілжің, келіспеушілік атымен болмаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Менің анам жол апатынан қайтыс болды. Дидар мен Ақнәр маған шай беру үшін мейрамханаға шақырған. Өте көп тамаққа тапсырыс беріп қойыппыз. Ертесі күні Дидардың үйінде сол тамақтармен тағы шай ішу үшін жиналуға келістік. Ақнәр ішімдік ішуді ұсынды. Біз бәріміз келістік. Менде етеккір болғандықтан шампанское іштім,пивоны бөлісіп іштік. Бірақ медэкспертизада менде және Ақнәрда қанынан спирт шықпады.
Содан кейін ән салып, билеп көңілді отырған сәтте Ақнәрдің көңіл-күйі бірден бұзылды. Менің марқұм анамды тозақта деп ақырып, сіңлім, әкем жайлы өте ауыр сөздер айтты. Мен оның аузын бастым. Ол ашумен аузына келгенді айтып, мені ұрып бастады. Мен оның қолын ұстадым, ол тісімен бетімді тістеп тастады. Бір кезде сүре оқып бастады. Бетім көгеріп, қанап екінші дәретханаға тығылдым. Бір сәтте тыныш болып қалды. Дидар келіп, "қайсысың отырсың? Мен Дидармын есікті аш" деді. Мен Раномын деп есікті ашып шықтым. Бір кезде Ақнәр қайда? деп бір бірімізден сұрадық. Тынышталып, бір жерге тығылып қалған болар деп тұрған сәтімізде үйге полиция кіріп келді. Міне сол кезде барып, оның секіріп кеткенін білдік",-дейді Рано.
ТОЛЫҚ ВИДЕОҒА СІЛТЕМЕ: ВИДЕО