Қоғам

«+42 градусқа дейін»: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн ыстық болады.

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Күндіз солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күшті жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

«Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: түнде 10-17 градустан 8-15 градус жылыға дейін, күндіз 25-30-дан 18-23 градус жылыға дейін.

Шығыста ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 7-18-ден 9-20 градус жылуға дейін, күндіз 22-33-тен 24-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік-шығыста да аздап көтерілуі мүмкін: түнде 5-15-тен 7-17 градус жылуға дейін, күндіз 22-30-дан 25-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік өңірлерде күндіз қатты ыстық күтіледі – 40-42 градусқа дейін», - делінген синоптиктер болжамында.