Келіні Dior сөмкесімен фотоға түскен: Моңғолияның үкімет басшысы қызметінен кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2025
- 433

Моңғолия премьер-министрінің келіні Dior сөмкесімен суретке түскені үшін қайын атасы қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ ұлы мен келінінің люкс дүкендерден жасаған саудасын көрсеткен суреттері әлеуметтік желіде тараған. Бұл жағдай қоғамда жаппай наразылық туғызған. Елдегі экономикалық қиындықтар мен жұмыссыздық жағдайында бұл көріністер халықтың ашу-ызасын тудырды.
Шенеуніктің ұлы мен келінінің Instagram желісіне жариялаған суреттерінде люкс сауда пакеттері болған. Және курорттық жерде бассейнде жүрген көріністерін бөліскен.
Осыдан кейін жүздеген жастар көшеге шығып, премьер-министрдің отставкасын талап етті.
Сөйтіп 3 маусымда парламент Оюун-Эрдэнэге сенім вотумын білдіруден бас тартты. Оны 88 депутаттың тек 44-і ғана қолдады.
Мемлекеттік және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелер Оюун-Эрдэнэ отбасының қаржысын тексеруді бастап кеткен. Премьердің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарып, жала деп атады.