Қоғам

БҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала көз жұмды

5 бала өрттен қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында жеке тұрғын үй өртке оранды. Салдарынан 5 бала газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі БҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД 112 пультіне Сағырбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен.

Құтқарушылар 5 баланы үйден ес-түссіз күйде алып шықты. Балалар ауруханада қайтыс болған.

Өрт толығымен сөндірілді. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.

Шақырту орнына ТЖД басшылығы, зерттеу сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы аттанды.