Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ата-анасы соларды бағу үшін жұмысқа кетті": Заңгер өрттен қайтқан 5 баланың өліміне билікті кінәлады

"Ата-анасы соларды бағу үшін жұмысқа кетті": Заңгер өрттен қайтқан 5 баланың өліміне билікті кінәлады
Инстаграм
Заңгер: Итке, шошқаға субсидия бар, ал бес балаға көмек жоқ.

Заңгер Айгүл Орынбек Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданындағы бес баланың қазасына Қазақстан билігін кінәлады. Ол елімізде көпбалалы отбасыларға өмір сүру, мардымсыз табысын жеткізу өте қиын екенін еске салды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"БЕС МАЛ ЕМЕС – БІР ҮЙДЕН БЕС БАЛА ӨЛІП ОТЫР! Бес бала…Бір отбасының бес бірдей періштесі тірідей өртеніп кетті. Жүрегім қан жылап отыр, бірақ билік үнсіз. Бір де бір министр, бір де бір омбудсмен ауыз ашқан жоқ. Егер сол әкенің айлығы бес баланы асырауға жетіп тұрса,сол ана жұмыста жүрмес еді.Иә, ата-анада жауапкершілік бар,бірақ бұл – мемлекеттің де айнасы!

Әлеуметтік министр Светлана Жақыпова, кеше Президентке кіргенде осыны баяндадыңыз ба?“Халық айлықтан айлыққа әрең жетіп отыр” деп айттыңыз ба?!
Айта алдыңыз ба?
Сөйлейтін жерге келгенде – бәріңе тіл байланады.Ал қарапайым халық бірдеңе десе, соттап жіберуге дайын тұрасыңдар! Бес баласын жоқтап отырған отбасыға қылмыстық іс қозғай салудан да тайынбассыңдар!Себебі сендердің күштерің тек әлсіздерге ғана жетеді! Ал сол уақытта Самұрық-Қазынада отырған шенділер миллиондап бонус алып, миллиардтап қазынаның қаржысын ұрлап жатыр.Оларға ештеңе де жоқ! Үндемейсіңдер. Көрмейсіңдер. Білмейсіңдер. Бір отбасының ошағы осылайша бір-ақ күнде сөнді.Бес бірдей періштенің тағдыры – көз алдымызда отқа оранды.Ал сендер үнсізсіңдер! “Демографияны көтеру керек” деп сайрайсыңдар,
“Бала тап!” деп ұрандайсыңдар,ал ана баласын бақсын десе – тиын санауға көшесіңдер!

Итке, шошқаға субсидия бар! Ал бес баланың анасында көмек жоқ! Бұдан асқан масқара бар ма?! Жандарың жәннатта болсын, періштелер! Бұл ел сендерді қорғай алмады…Кешіріңдер…",-деп жазды Айгүл Орынбек.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар