Бұршақ, найзағай,+37 градус ыстық: 5 маусымға арналған ауа райы
Астанада күн райы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Ал Шымкентте кей сағаттарда күн 37 градусқа дейін ысыйды.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жауын-шашын жаумайды, күн ыстық болады. Күндіз термометр бағаны +31...+33 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады.
Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіліп отыр, жел соғады, екпіні 20 м/с-қа жетеді, сол себепті елордада дауылды ескерту жарияланды. Термометр бағаны күндіз +23...+25 градусты көрсетсе, түнде +14...+16 градусқа дейінгі температураны көрсетеді.
Шымкентте де аптап ыстық болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін жоғарыласа, түнде +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.