«12 күннен кейін кілтін қолына ұстатамын»: Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне пәтер сыйлады (ВИДЕО)
Ұлының туған күніне бір жыл бұрын көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасова биыл пәтер сыйға тартты
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне пәтер сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші ұлына пәтер сыйлауды көптен жоспарлағанын айтты.
“Мынау Әнуар малам оқитын Шоқан мектебі. Мектепке жақын жерде тұруды балам армандайтын. Мектепке әкелу үшін алыстан қатынап жүрдік. Таңертең бұл көшеде кептеліс болады. Сол үшін біз мектепке жете алмай, Әнуарды жолдың бойынан тастап кететін едік. Енді міне, жүргіншілер жолынан өтіп келе қояды. 17 маусым ұлымның туған күні. Соған дайындықты бастадық. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. 12 күннен кейін бітіп, кілтін қолына ұстатамын”, – деді әнші.