Қоғам

Алматыда ер адам жоғары қабатқа өрмелеп шығып, балконнан шыққан өртті сөндірді (ВИДЕО)

Көпқабатты үйдің балконына өрмелеп шығып, өртті сөндірген ер адам ерлік жасады.

Алматыда ер адамның тұрғын үйден шыққан өрттің алдын алу мақсатында төртінші қабатқа өрмелеп көтірілген видеосы желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 4 маусым күні сағат 17:07-де Наурызбай ауданында Жүнісов көшесі, 2/23 үй ("Алма Сити") мекенжайы бойынша орын алған. Он қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында қоқыс өртенген.

Балконнан шыққан түтінді көрген ер адам бірден іске көшкен. Ол төртінші қабатқа өрмелеп шығып, балкондағы жанып жатқан затты жерге лақтырған. Аталмыш видео TikTok желісінде таралды. Желі қолдануышлары ер адамның бұл іс-әрекетін ерлікке бағалап, оны мақтан тұтты.

ТЖД оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенге дейін Асыл Ахметов өртті сөндіріп үлгерген.

"Ол табандылық танытып, балконға көтеріліп, жанып жатқан қоқысты жерге тастады. Оның әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын және ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды. Ахметов Төтенше жағдайлар министрінің атынан наградаға ұсынылды", - деп хабарлады ТЖД.