Отбасылық бюджеттің көп бөлігін жұбайым ұстайды - Ұлттық банк басшысы
Ұлттық банк төрағасы Сүлейменов әйелдер қаражатты жақсырақ басқаратынын айтты
Ұлттық банкте өткен брифингте орталық банк төрағасы Тимур Сүлейменов еліміздегі азық-түлік бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, отбасылық бюджетті кім реттеп оытратынын да айта кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, отбасылық бюджет жұбайы басқарып отырады екен.
"Отбасылық бюджеттің көп бөлігін жұбайым ұстайды. Себебі, біріншіден, ол декретте отыр, уақыты көбірек. Қайдан сатып алу керек, не сатып алу керек, қалай арзанырақ алу керек, бару немесе онлайн тапсырыс беру - бәрін жақсы біледі. Бұл шенеуніктерге тән емес. Жалпы әйелдің үй шаруасын жүргізуі жалпы біздің менталитетіміздің ерекшелігі болса керек. Мұны қалыпты жағдай деп есептеймін ", - деп жауап берді Сүлейменов.
Әйелдер қаражатты жақсырақ басқаратын болса, не себепті банк төрағасы болмайды деген сұрақтарға да жауап беер кетті.
Ол 150 миллиард доллар көлеміндегі мемлекеттік резервтерді басқарып отырған Әлия Мейірбекқызын мысал ретінде алды. Айтуынша, еркек пен әйел тең. Тек әркімнің қабілетіне байланысты екенін жеткізді.