Қоғам
Шерзат ісі: Сотталушының анасы былапыт сөйлегені үшін айыппұл арқалады
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2025
- 1.4k

Равиль Сакиевтің анасы сот үкімінен кейін шу шығарды.
Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің сот үкімімен келіспейтінін жеткізіп, балағат сөз айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция 20 жылға бас бостандығынан айырылған Сакиевтің анасы Баян Сарманованың дөрекі сөздер айтып, тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салды.
"Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екеніне баса назар аударады. Жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі жасауға немесе сотқа құрметсіздік білдіруге бағытталған кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жазаның орындалмауы мүмкін емес деген қағида бұзылмайды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.