«Бұл заңсыз әрекет»: Шерзат Болаттың ісі бойынша прокурор бейнеүндеу жариялады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2025
- 267

Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай өзінің қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы желіде өзінің есімін пайдаланып, түрлі фейк аккаунттар ашылып жатқанын айтты.
"Менің Instagram әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым тек отбасым мен жақындарыммен байланыс орнату үшін ғана құрылған. Бұл парақшада ешқандай ресми жарияланым, пікір немесе кәсіби сипаттағы ақпарат жарияланбайды. Менің атымнан ашылған басқа барлық парақшалар – жалған. Менің атымды, қызметімді немесе фотомды рұқсатсыз пайдалану, әсіресе қылмыстық іс аясында – бұл заңсыз әрекет, және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді ол.
Сондай-ақ ол өз атынан ұтыс ойындар ойнатылып жатса, одан сақтануға шақырды. Бұл алаяқтың схемасы екенін айтты.
"Сондықтан сіздерден өтініш: – мұндай сілтемелерге өтпеңіздер, – күмәнді ұтыс ойындарына қатыспаңыздар, – менің атымнан ұсынылған блогтарға немесе парақшаларға жазылмаңыздар. Бұл әрекеттер – алаяқтық сипаттағы схемалар болуы мүмкін. Олар сіздердің жеке деректеріңізді алу, халықты шатастыру немесе прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатыр", - деді прокурор.