"Оданда тісімді емдетемін": Өзбекстанда Дженнифер Лопестің концертіне билеттер өтпей жатыр
- автор kyn.kz
- 6 маусым, 2025
- 261

Қазақстанның екі ірі қаласында концерт бергеннен кейін Дженнифер Лопес сапарын Өзбекстанға қарай жалғастырмақ болған. Бірақ, жоспар Қазақстандағыдай жүзеге аспады десек те болады. Қазақстанда алдымен Астанада концертке билеттер сатылды. Сатылым ашылысымен бір күнде билет бітті. Ұйымдастырушылар сұранысқа сай, Алматыда да концерт ұйымдастыруды қолға алды. Ол кезде де билеттер бір күнге жетпей өтіп кетті.
Дженнифер Лопестің шығармашылығына тәнті жұрт Өзбекстанда да көп шығар деп болжаса керек, ұйымдастырушылар Ташкентті көздеген. Бірақ, Өзбександа билет өтпей қалды деуге болады. Билеттер құны Астана мен Алматыдағыдай 150-45 мың теңге аралығында сатылған.
Желі қолданушылары хабарландыруды көріп өз пікірлерін былай білдірген: "Мен оданба бұл ақшаға тісімді емдетемін", "Өте қымбат", "Бұндай бағаны біздің қалтамыз көтермейді", "Неге сонша қымбат? Біз сондай бай мемлекет т ұрғыны емеспіз ғой. Қайда келетінін біледі ме бұл әртіс?"
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте белгілі кәсіпкердің демеушілігімен волейболдан турнир басталды
- авторkyn.kz
- 6 маусым, 2025