Қоғам

Мейірман Шекеев Шерзат Полаттың басына барды (ВИДЕО)

Заңгер марқұм Шерзат Полаттың отбасына барды

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Шерзат Полаттың басына барып, құран оқытты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео желідегі парақшасында жарияланған. Бейнежазбада Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көрінеді. 

Сонымен қатар, бейіт басына барған сәттер де бейнеленген.

"Қаржаубай маған келгенде жанары сөнген, көзінде тек мұң еді. Өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан еді.

Бар айтқаны “аға Шерзаттың ісі сізге аманат”- деп, ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді. 

Әуелі Алла , сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру -соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім", - деп жазды ол.