Қоғам

“Қыздармен бірге сыра ішеді”: 9 баланың анасы 16 жастағы ұлының үйден кетіп қалғанын айтты

Жалғызбасты ананың 16 жастағы ұлы қыздардың үйіне кіріп алған.

Жалғызбасты ана 16 жастағы ұлының қыздардың қолына кіріп алғанын және оны қайтарғыс келетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Гүлсанат көпбалалы ана, 9 баласы бар. Ол ұлының жүрісіне алаңдап, журналист Руслан Өтепбайдан көмек сұраған.

«16 жастағы кәмелетке толмаған Шыңғыс деген ұлым Іргелідегі екі қызбен танысқан. Сол екі қыздың артынан кетіп, бір ай болды үй көрмей жүр. Қыздардың үйінде жүр. Жансая деген қыз 16-да, ал сіңілісі Эльмира 15-те. Баламның жағымсыз әрекеттері бар: ұрлық жасайды, темекі шегеді, қыздармен бірге «ХАТА» жалдап сыра ішеді. Жансая мен балам менің үйімдегі бөлмеде кеудесінде ештеңесі жоқ жатады. «Не жатыс мынау?» деп айғайлаған кездерім болды. «Шатағың болмасын!» деп Шыңғыс маған шабуыл жасайды. Жасырмаймын, әлгі қызды 1-2 рет шашынан жұлып, ұрдым. Шешесіне де айттым. Шешесінің өзі маған балағат сөз айтады», - деді Гүлсанат.