Басты жаңалықтар

Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: тың мәлімет шықты

СІМ Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның ісі туралы айтты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Германияда қазақстандық бұрынғы судьяның өліміне қатысты іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Германияның құқық қорғау органдары кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Тергеу амалдары жүргізілуде. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Дармштадт қаласының сотының шешімімен Наталья Донцова – марқұмның жұбайының анасы – кісі өлтіру бойынша күдікті деп танылды. Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында оның ұсталуына ордер берілді», – деді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі айтқандай, Қазақстанның Германиядағы елшілігінің көмегімен қылмыстық іс материалдары марқұмның туыстарына және адвокатына берілген.

«Қазіргі уақытта Донцованың қай жерде екені белгісіз, ол халықаралық іздеуде. Тергеу мүддесі үшін және неміс тарапынан таратылуға жатпайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеу мақсатында оқиғаның егжей-тегжейі айтылмайды», – деп атап өтті ол.