Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды
Қорғаныс министрі қызметінен кеткен Руслан Жақсылықов тергеуге алынды.
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Выход к правде” телеграм арнасы мәлімдейді. Экс-министр жексенбі күні ғана қызметінен босаған болатын.
Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған.
Айта кетсек, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.