Қоғам

Ақмолада көпбалалы ана хат жазып, пойыз астына түсіп мерт болды

ауылдастары оның соңғы жылдары қиналып жүргенін айтқан.

Облыстық көлік полициясы бұл фактіні растады. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі — «Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр, басқа деректер жарияланбайды.

Әлеуметтік желіде тараған бейресми ақпаратқа қарағанда, 62 жастағы әйел өз-өзіне қол салған.

Туыстарына «Іздемеңдер, кетіп қалдым» деп хат жазып қалдырғаны айтылады.

Ауылдастары оның мұндай қадамға баруын денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы күресіп келе жатқан ауыр дертпен байланыстырады.

— Жағдайы жақсы, отбасы түгел еді. Бірақ қатты науқас болды, амал таппаған сияқты, — дейді марқұмды танитын ауыл тұрғындарының бірі.

Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, станцияда оқиға орны қоршауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.