“+38 градусқа дейін ыстық”: 12, 13 және 14 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Синоптиктер 12, 13 және 14 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері күн ыстық болады.
Солтүстік аймақтарда ауа температурасы +25 пен +33 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте +38 градусқа дейін ыстық болады.
Алайда күннің жылынуына қарамастан, фронтальды жүйелер өз әсерін жалғастырады. Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ түсуі мүмкін.