Мәдениет

Ұлының тойын ақылы түрде онлайн көрсеткен Сәкен Майғазиевтің қанша тапқаны белгілі болды

Сәкен Майғазиев ұлының онлайн тойынан 9 миллион тапты

Ұлының үйлену тойын онлайн көрсеткен әнші Сәкен Майғазиев 9 миллион теңгеге жуық ақша тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.

Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірі Royal Tulip-те өткен тойға құдалардан бөлек жүз шақты әнші келген. Үйлену тойын тікелей эфирден тамашалауға 5800-ден аса адам тіркелген. 

Алайда әншінің ұлының тойын халыққа ақылы түрде көрсеткені ешкімге ұнамады. 

Тікелей эфирді журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізді.