Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәжіліс депутаттары Астанада жұмыс уақытын таңғы 07:00-де бастауды ұсынды

Мәжіліс депутаттары Астанада жұмыс уақытын таңғы 07:00-де бастауды ұсынды
Сурет: stanradar.com
Мәжіліс депутаттары жұмыс кестесін таңғы сағат тоғызда емес, сегізде бастаудың тиімділігін айтты

Мәжіліс депутаттары Астанада жұмыстың басталу уақытын таңғы 07:00-де немесе 8 бен 8:30-ға өгертуді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ .

Мәжіліс депутаттары елордадағы барлық мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесін "қайта қарау керек" деп отыр. Олардың айтуынша, жұмысты, әдеттегідей, таңғы сағат тоғызда емес, сегізде бастасақ, көше көлік нөпірінен біршама босап, кешкі уақытта да адамдардың жақынына көңіл бөлуіне мүмкіндік туады. 

Жаңа бой көтерсе де, тар салынған Астана көшелерінде күнделікті жарты миллионға жуық автокөлік жүйткиді. Таңғы уақытта негізгі қозғалыс сол жағалаудың орталығында қыз-қыз қайнайды. Сол себепті депутаттар бірнеше деңгейлі жолайрық пен ені кең магистраль салып, жұмыс кестесін өзгерту арқылы мәселені шешуге болады деп отыр. 

 

"Еңбекке қабілетті елордалықтардың басым бөлігі мемлекеттік, квазимемлекеттік және бюджеттік мекемелерде қызмет атқарады. Сол үшін жұмыс кестесін таңғы 8 бен 8:30-да бастауды ұсынамыз. Шетелдің тәжірибесіне сүйенсек, ірі қалаларда бұл қадам жақсы нәтиже берген", - дейді мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар