Мәдениет

Сүйінші!: Ерке мен Райм тағы да ұлды болды

Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге алып келді.

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлды болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қуанышты жаңалығын Райымбек Бақтыгереев (RaiM) өзінің парақшасында бөлісті.

"Аль-Ха́мду ли-Ллях, қош келдің, ұлым!🐎
Райымбек Батыр!", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыны құттықтап, тілектерін жазды. 

Айта кетсек, Ерке Есмаханның бірінші некесінен ұлы бар. Кейін Раймға тұрмысқа шығып, 2023 жылдың соңында ұлды болған еді. Есімін Ислам деп қойды. Сонымен, ерлі-зайыпты Ерке мен Райым қазір үш баланың ата-анасы.