Астанадағы автобус апаты: автопарк аяғынан айырылған қыздың жағдайын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде етті
Астанада автопарктің басшысы аяғынан айырылған қыздың туыстарымен кездесті
Астанада апатқа ұшыраған автобус автопаркі екі аяғынан айырылған Алуаның өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін барлық шығындарды өз мойнына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы туыстары желідегі парақшасында жазды. Олар «Автопарк №1» басқарма төрағасы Мадияр Түкпатовпен кездескен.
“Бұл – сондай үлкен адамгершілік танытқан кездесу болды. Ол біздің жан жарамызға, Алуаға деген шын жанашырлығын көрсетті”, – деді Алуаның ағалары Мадияр мен Бахтияр.
Ол Алуаға және оның анасы Махаббаттың басқа төрт баласына өмір бойы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге уәде берген.
“Қазір бізге заңгерлер мен экономистер көмектесіп жатыр. Олар Алуа мен отбасының өмір бойы сүру қажеттіліктерін инфляцияны ескере отырып есептеп бермек. Бұл уәдені заңды түрде қалай рәсімдейміз, әкімдіктен қалай болады – бәрін сіздерге хабарлап отырамыз”, – делінген мәлімдемеде.
Алуаның жақындары барша қазақстандықтарға шын жүректен алғыс білдірді.
Еске салсақ, Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, салдарынан 8 жасар қыз аяғынан айырылды.