Мәдениет

“Ең қымбаты - 600 мың теңге”: Жұлдыз Әбдікәрімова киімдерін сатуға шығарды

Жұллыщ Әбдікәрімованың сатуға шығарған киілген көйлектерінің бағасы 300 мың теңгеден басталады

Қайрат Нұртастың жары актриса Жұлдыз Әбдікәрімова киілген көйлектерін сатуға қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жүктілігіне байланысты көйлектерін сатқалы жатқанын айтты. 

“Қыз-келіншектерге хабардандыру бар. “Естімей қалдым, өткізіп алдым” деп жүрмеңіздер. Менің киімдеріме қызығатындар көп. “Сатыңызшы” деп айтады. Бүгін соның сәті түсіп тұр. Жүктілігіме байланысты көйлектерімді сатып жатырмын. Арнайы парақшада тұр. Күнделікті киюге арналған киімдерден бастап, сахналық киімдерге дейін бар. Ұсыныс сіздерден түскен соң, барлық киімдерімді сатуға шығардым”, – деді актриса. 

Көрсетілген парақшадағы киімдердің бағасы 600 мың теңгеден басталады. Қарапайым костюм-шалбары 130 мың теңгеден тұр.