Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Әкесі жұмыста болған, әйелі дүкенге кеткен”: ТЖМ 5 бала қаза тапқан өрттің алдын ала себебін атады

“Әкесі жұмыста болған, әйелі дүкенге кеткен”: ТЖМ 5 бала қаза тапқан өрттің алдын ала себебін атады
Сурет: grodnonews.by
Төтенше жағдайлар вице-министрі бес баланың өмірін жалмаған өрттің шығу себебін айтты

Сенат кулуарында Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бес бала қаза тапқан өрттің ықтимал себебін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Әкесі жұмыста болған, әйелі балаларды сыртынан жауып, дүкенге кеткен. Алдын ала себеп – балалардың ойыны. Жақында сараптама аяқталады, жұмыс жүріп жатыр", – деді Тұрсынбаев.

Айтуынша, 2024 жылдың қыркүйегінде отбасының бұрынғы үйіне газ есептегіштері орнатылған. Бірақ олар бір ай бұрын басқа үйге көшкен екен.

Еске салсақ, 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында жекеменшік үйден өрт шығып, бір отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала қаза тапқан болатын. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар