Мәдениет

«Мені күтіп жатқан ғой»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

Айнұр Тұрсынбаева Еркенің ұлына өлең арнады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол бұл т уралы желідегі парақшасында жазып, қос өнерпаздың ұлына өлең де шығарып үлгерді. 

Айнұр Тұрсынбаева кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келген болатын.

"Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой", – деп жазды ақын.

Ары қарай бір шұмақ өлеңін анады.

"Әкесі – дүлдүл,
анасы – бұлбұл!
Кіндік шешесі – ақын,
Өзі – Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр...", – деп жазды ақын.

Ерке Есмахан ұлының атын Батыр деп қойған болатын.