Қоғам

Түркістан облысында жасөспірім 2-сынып оқушысын зорлады

8-сыныпта оқитын оқушы 8 жасар қызға зорлық көрсетті деген ақпарат тарады

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысының 2-сыныпта оқитын қызды зорлағаны, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл тураы Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев жазды.

«Өткен аптада 8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шықты деген ақпарат бар»,—деді ол.

Түркістан облысының полиция департаменті күдікті ретінде жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында»,—деді ПД баспасөз қызметі.