Жамбыл облысында 13 жасар қызды әкесінің бауырлары зорлап, жүкті қылды: екі ағасына сот үкімі шықты
Өз бауырының туған қызын ұзақ жылдар бойы зорлаған ер адамның біреуі өмір бойына сотталды
Жамбыл облысында 13 жасар қызды алты жыл бойы зорлап келген туысқан екі ағасына қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қызды зорлап келген туған әкесінің ағаларының бірі 35-те болса, екіншісі 37 жаста. Олар колонияға жіберілді. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "кәмелетке толмаған кішкентай баланы зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Біреуі өмір бойы, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқушы жүкті болып қалған. Алайда ұстаздар оның жағдайын байқамаған.
Ал мектеп қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.