Басты жаңалықтар
Алдағы демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2025
- 757
15-16 маусым күндері Қазақстанның кейбір өңірінде күн бұзылады
Қазақстанның батыс өңірлерінде демалыс күндері ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында 15-16 маусымда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады.
Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқындайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2026




