Басты жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

15-16 маусым күндері Қазақстанның кейбір өңірінде күн бұзылады

Қазақстанның батыс өңірлерінде демалыс күндері ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірлерінде жауын-шашын мен найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында 15-16 маусымда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады.

Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.