Қоғам

Астанадағы автобус апаты: екі аяғынан айырылған қыздың отбасына 19,6 миллион теңге төленді

Екі аяғынан айырылған 7 жасар қыздың отбасына сақтарндыру компаниясы төлем төледі

Астанада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған 7 жасар Алуа Бекеннің отбасына 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі төленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жауапкершілікті міндетті сақтандыру аясында бүлдіршіннің туыстарына 19,6 миллион теңге көлемінде төлем аударылды. Автопарк "Евразия" сақтандыру компаниясында сақтандырылған.

"Жол апатынан зардап шеккен бала ұзақ уақыт емделіп, оңалудан өтіп, кейін протез салдыруы қажет екенін ескере отырып, қосымша шығындарды жедел өтеу үшін, қажет құжаттар топтамасы (соның ішінде мүгедектік туралы анықтама) толығымен ұсынылғанға дейін, заң аясында сақтандыру төлемін толық көлемде төлеу туралы шешім қабылданды", — деп мәлімдеді компания өкілдері.