Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экс-министр Ажар Ғиният автобус апатының салдарынан екі аяғынан айырылған қызға қатысты мәліметпен бөлісті

Экс-министр Ажар Ғиният автобус апатының салдарынан екі аяғынан айырылған қызға қатысты мәліметпен бөлісті
Сурет: жеке парақшасынан
Балаларды оңалтудың Ұлттық орталығын басқарып отырған Ажар Ғиният 7 жасар Алуаның жағдайын біліп қайтты

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазір балаларды оңалтудың Ұлттық орталығын басқарып отырған Ажар Ғиният автобус апатының салдарынан екі аяғынан айырылған Алуаның анасымен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл туралы экс-министр өз парақшасында бөлісті.

«Аталған жағдай орын алған күннен бастап орталығымыз Алуаға қажетті көмекті көрсету жолдарын қарастырып келеді. Бастапқыда протез орнатылғаннан кейін кешенді оңалту курсын ұсынуды жоспарланған едік. Алайда анасы Махаббаттың айтқан уайымдары мен Алуаның мазасыз күйі- көмекті дәл қазір бастау қажет екенін көрсетті. Қазір Алуа қалалық ауруханада ем алып жатыр. Кеше анасы Махаббатпен бала ауруханадан шыққан соң біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтетін болып келістік. Бұл кезеңде мамандарымыз оның физикалық жағдайын қалпына келтірумен қатар, психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне де жан-жақты қолдау көрсетеді. Алуаға көмек көрсету - біздің кәсіби борышымыздан бұрын, адами жауапкершілігіміз», - деп жазды Ғиният.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар