Шерзат Полаттың отбасына қысым көрсеткен желі қолданушысы сотқа тартылды
Қаржаубай Нұрымовтың отбасының тыныштығын бұзған желі қолданушысы сотқа шақырылды
Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қысым көрсеткен азамат заң алдында жауап беретін болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты. Ол әлеуметтік желілерде "Доктор" деген лақап атпен танылған.
Адвокаттың айтуынша, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған. Сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев бірнеше нақты талап қойды.
“Жауапкер Әбдірахман Бауыржанды сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде TikTok әлеуметтік желісінде Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығаруды және бұл кешірім видеосын өз парақшаларында – maskarad778 және басқа да аккаунттарында кемінде 30 күн бойы ашық жариялап қоюға міндеттеуді сұраймыз, – деді адвокат.
Сот кезінде Әбдірахман Бауыржан өз кінәсін мойындады.
Адвокат одан Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдып жүргенін сұрады. Ол мұны азаматтық позициясы екенін алға тартты.
“Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. (...) Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін”, – деді ол.