Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дубайда қалып қойған үш жүзден аса қазақстандық елге жеткізілді

Дубайда қалып қойған үш жүзден аса қазақстандық елге жеткізілді
Сурет: видеодан скриншот
Таяу шығыстағы жағдай: қазақстандық туристер елге оралды

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық туристері бар FlyDubai әуе компаниясының ұшағы Алматыға қонды. 13 маусымда Дубай мен Абу-Дабиден бірнеше өңірге, оның ішінде Қазақстанға рейстер тоқтатылған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Екі ұшақ бүгін таңертең елге келгенін Спорт және туризм министрлігінің Telegram-арнасы хабарлады.

"Бұған дейін Қазақстан көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын. FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында бұл елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді.

13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық турист туроператорлар арқылы туризм және спорт министрлігі, сыртқы істер министрлігі, Қазақстан елшілігі және "Туристік Қамқор" қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды", - делінген ААК хабарламасында.

Еске салсақ, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға әуе шабуылын жасаған болатын. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар