Әйел шала піскен ет пен жуылмаған жеміс-жидек жегені үшін дертке шалдықты
Жуылмаған жеміс пен шикі ет жеген әйел ауру болып қалды
Ресейде әйел шикі ет пен жуылмаған жеміс-жидектерді жеймін деп ауыр дертке шалдықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Shot Проверка" мәлім етті. Оның листериоз жұқтырғаны белгілі болды. Бұл бактериялар адам ағзасында қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін екенін дәрігерлер айтты.
Әйел өзінің қатты әлсіреп, басы ауырып, айналғанын айтады. Ол басында бұған назар аудармаған. Кейіннен құсып, дене қызуы 39,5 градусқа дейін көтерілген. Ауруханаға түскенде оған менингит диагнозы қойылған.
Кейіннен оның ауруын қоздырған бактериялар еттен немесе жуылмаған көкөніс-жемістерден түсуі мүмкін екені айтылды. Әйелдің өзі үнемі шала піскен стейк жейтінін және кейде жемістерді жумайтынын мойындаған.