Қоғам

“11 A” орнының қасиеті: ұшақта осы орында отырған тағы бір жолаушы апаттан аман қалған

Бұрын ұшақ апатынан тірі қалған актер де 11А орнында отырғаны белгілі болды

Осыдан 27 жыл бұрын Банкгог танымал тай актері Джеймс Руангсак Лойчусак ұшақ апатынан аман қалған. Ол да 11А орнында отырған екен. Үндістанда 242 жолаушының ішінде тірі қалған ер адамнын да орны дәл осы 11А болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актер бұл ақпаратты оқығанда қатты таңқалған. Джеймс Руангсак өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Терім үрейден тітіркеніп кетті. Ол адам да мен секілді 11А орнында отырған екен» деп жазған.

Актер бұл жағдайды мистикалық сәйкестік деп қабылдаған. Ол Air India ұшағы апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

1998 жылы 11 желтоқсанда Джеймс Руангсак отырған Thai Airways әуе компаниясының Airbus A310−300 ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ Таиландтың Сураттхани провинциясындағы каучук плантациясына құлаған. Салдарынан 101 адам қаза тауып, 45 адам жараланған еді. Актер 11А орнында отырып, аман қалған.

Ұшақ апатынан тірі қалған Ұлыбритания азаматы, үнді тектес Вишвашкумар Рамешті емдеген дәрігер оның көптеген жарақат алғанын, алайда өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. Рамеш апат кезінде ұшақтан секіріп, өздігінен жақын маңдағы жедел жәрдем көлігіне жеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары әлі де бұл оқиға туралы жазуда. Яғни, “нағыз керемет”, “Құдайдың араласуы”, “ғажап” деп атады.