«32 мың теңге тұратын вискиді төлеуді талап етті»: мерейтойға мас күйінде барған Төреғали Төреәлі тағы да ұятқа қалды
Төреғали Төреәлі өзін арнайы шақырған меерйтойға май күйінде барып, ішімдік талап еткен
Әнші Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды. Отбасылық мерейтойда өнер көрсеткен ол той иесін сұмдық ұятқа қалдырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желі қолданушысы Сымбат Мақұлова жазды. Ол әншіні әкесінің мерейтойына арнайы шақырған.
«Әкеміздің 55 жасқа толған мерейтойына Төреғали Төреәлінің өнер көрсетуі сыйға тартылды.
Мереке көңілді өтеді деп едік… Бірақ ол мас күйінде, аузынан арақтың иісі мүңкіп, залдың жартысына дейін жетіп тұрды. Ұйымдастырушылардан 32 мың теңге тұратын вискиді төлеп беруді талап етті. Бұл 50 мл-ден 8 шот, яғни 400 мл деген сөз.
Егер дәл қазір сахнаға шықпаса, кетіп қалатынын айтып айғайлады.
Әртіс ретінде де, адам ретінде де қатты көңіліміз қалды. Әнді фонограммамен айтып шықты», - деп жазды Сымбат Мақұлова.