Қоғам

Астанадағы автобус апаты: министр екі аяғынан айырылған қыздың отбасын мемлекет өмір бойы қамтамасыз ететінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен қыз туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Астанадағы жол апатынан зардап шеккен қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистер екі аяғынан айырылған қыздың отбасына қандай көмек көрсетілетіні туралы сұрақ қойды.

Министр мемлекет зардап шеккен қыздың отбасын өмір бойы қамтамасыз ететінін айтты.

«Біз бардық, анасымен сөйлестік. Протездеу [шығыны] бойынша біз толығымен өзімізге аламыз. Барлық оңалту қызметтері. Кеше де қызды тіркеу аудандық емханада болғандығы туралы ақпарат болды. Қазір дәрігерлер оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейтін болады. Мемлекет өмір бойы анасы мен қызды қамтамасыз етеді», – деді ол.

Еске салсақ, 2 маусым күні Астанада жолаушы автобусы апатқа ұшырап, салдарынан жеті жасар Алуа Бекен екі аяғынан айырылды.