Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады
Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ апарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.
Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды.
"Айбын" II дәрежелі орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.