Қазақстан қытайлық банктен 1 миллиард доллар несие алады
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжакты қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жаңа “алтын кезеңге” қадам басқанын мәлімдеді
Си Цзиньпиннің, Астанаға сапары аясында Қазақстан даму банкі мен China Develop-ment Bank (CDB) 1 миллиард доллар көлемінде несиелік желі бөлу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алынған қаражат экономиканың негізгі өңдеуші өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешені секілді салалардағы жобаларды
Қаржыландыруға бағытталмақ. Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжакты қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жаңа “алтын кезеңге” қадам басқанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы ҚХР-дың,Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін еске салды. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты сауда-саттық, көлемі 44 миллиард долларға жеткен. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар 2025 жыл “Қазақстандағы Қытай туризмінің, жылы” болып жарияланды.