Түрмеде отырған Кәрім Мәсімовтің денсаулығының нашарлағаны рас па?: ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Кәрім Мәсімовтың жазасын өтеп жатқанын және
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің денсаулығына қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Одан журналистер Мәсімовтің денсаулығы нашарлағанына қатысты сұрағына жауап беруді сұрады.
“Оның жағдайы қалыпты. Жазасын өтеп жатыр. Өкілінің айтқан уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күнге ресми түрде айтарым – денсаулығы қалыпты. Ол сот белгілеген тәртіпке сай бас бостандығынан айыру орындарында отыр”, – деді Сәденов.
Еске салсақ, 2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға насихаттады және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.