Басты жаңалықтар

«Жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?»: министр Сәбденов тыйым салу бастамасы туралы

ІІМ Ержан Сәбденов бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киюге тыйым салуға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киюге тыйым салуды қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол ІІМ бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

"Бұл – депутаттардың бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Өйткені бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?" – деді министр.

Айта кетсек, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында айтылған болатын. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл норманың ІІМ әзірлеген заң жобасына енгізілгенін растады.