"40-42 градус": еліміздің кейбір өңірлерінде ыстық болуына байланысты ескерту жасалды
Қазақстанның кейбір өңірінде күн ыстық болады
19 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ескерту жасады, деп хабарлайды KYN. KZ ақпарат агенттігі.
Талдықорғанда 19 маусымда күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
19 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда Қарағанды облысының шығысында, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
19 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
19 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
19 маусымда Қостанай облысыңың жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды. Қостанайда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
19 маусымда Қызылорда облысында түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 /с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 19 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Таразда төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 33-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
18 маусымның сағат 20.00-ден 19 маусымның сағат 08.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.