«О, махаббат» әнінің авторы Қайрат Нұртасты сотқа беретінін айтты
Музыкант Қайрат Нұртастың өзінің әнін рұқсатсыз айтқаны үшін сотқа жүгінетінін мәлімдеді
«О, махаббат» әнінің авторы Самат Жаңғазин Қайрат Нұртасты сотқа беретінін айтты. Ол әнін өзінің рұқсатынсыз айтпауды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді. Музыкант Самат Жаңғазин «О, махаббат» әнінің авторы өзі екенін және Қайрат Нұртастың бұл туындыны ресми рұқсатсыз айтып жүргенін жеткізді.
Айтуынша, ол әнді пайдалануға ешқандай келісім бермеген. Сондықтан егер авторлық құқығы бұзыла берсе, өз мүддесін сот арқылы қорғайтынын алға тартты.
Сондай-ақ, авторлық құқықты бұзғаны үшін 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін еске салды.
Бұған қатысты Қайрат Нұртас әзірге Жаңғазиннің айыптауларына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.