"31 миллион теңге жымқырған": Банк қызметкері Мәскеуде ұсталды
Астана банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері болған.
Қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған үшін Ресейден Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Кyn.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға күдіктіні Ресейге экстрадициялады.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып қалған. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр маусымда іздеуде жүрген адам Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталды: Оған қоса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.