Астанада әйелін өлтіріп, 25 қабаттан секірген ер адам тірі қалды
Ол секіріп үй маңына қойылған көлік үстіне түскен.
Оқиға 19 маусым күні болған. Бірге тұрып жүрген ер мен әйелдің арасында дау туып, соңы төбелеске ұласқан.
Ер адам әйелдің денесіне бірнеше жерден пышақ сұққан. Ақырында оны өлтіріп алғанын көріп 25 қабаттан төмен қарай секірген. Адам нанғысыз жағдай ол үй маңына қойылған көлік үстіне түсіп, аман қалды. Бірақ бірнеше дене жарақатын алған. Оқиға куәгерлері дереу жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға алып кеткен.
Ал полиция қазір кісі өлімі бойынша іс ашып, жағдайды тексеріп жатқанын хабарлады.