«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова өмірінің жаңа кезеңі басталғанын айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз оқырмандарын жазбасымен алаңдатып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол баспаналы болғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір» деп жазған бейнежазбада.
Ол соңғы бір жыл ішінде өмірінде қиындықтар аз болмағанын айтып, жанкүйерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.
"Бұл бір жылда жанымды ауыртқан сәттер көп болды. Денсаулығым сыр берді, жан дүнием күйзелді, сатқындықты бастан кештім. Бірақ бәріне төзіп, сынбай, ешкімге шағымданбай, қайта тұрып, алға қарай жүре алдым. Осы жолда мені үнсіз қолдаған, дұға жасаған, жылы сөз айтқан әр адамға ризамын. Менің шынайы оқырмандарым – сіздерсіздер", – деді Жұлдыз өзінің жүрекжарды жазбасында.