Түркістан облысында 23 жастағы әскери қызметкер 15 жастағы қызды жүкті еткен
- автор kyn.kz
- 23 маусым, 2025
- 1.2k

Түркістан облысында әскери қызметкер 9 - сынып оқушысын жүкті еткен. Ол қылмыстық жауапкершіліктен қашып, 15 жастағы оқушыны алып қашқан. Қалыптасқан заңсыз әдетпен қызға қолхат жаздырып, "өз еркіммен келдім" дегізген.
Қазір 16 жастағы қыз бала босанып алған. Өзін 23 жастағы әскери қызметші еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартып, ақыр соңы осындай жағдайға дейін "ұят болады", "масқара боласың" деп "көзін байлап" келгенін айтады.
Ер адам оқушы жүкті кезде даудан қашып үйленіп алса керек. 6 айдан кейін қызды үйіне апарып тастаған.
Журналист Жазира Бегалының сөзінше қыз өзі барынша құзырлы органдарға шағым түсірген. Бірақ, істе өзгеріс жоқ. Оның анасы отбасындағы жалғыз асыраушы екен. Ал әкесі өмірден өтіп кеткен.
"15 жастағы қыздың етегін түрген 23 жастағы азаматтың әрекеті қылмыстық іспен қаралуы тиіс. Тергеуші 15 жастағы қыздыан "өз еркіммен келдім" деген қолхатын алып, істі жылы жапқаны қалай? ІІМ, прокуратура істі қолға алып, қорғансыз балаға көмек қолын созса екен",-деп жазды журналист Жазира Бегалы.