БАҚ: Иран АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасады
Бұған дейін АҚШ Иранның ядролық нысандарын жарған еді.
Дереккөздердің хабарлауынша, 23 маусымда Сириядағы америкалық әскери базаға шабуыл жасалды.
Дереккөздердің таратқан ақпаратына қарағанда, шабуылдың мақсаты Сирияның Эль-Хасак провинциясының батысындағы Касрак ауданындағы америкалық әскери база болды.
Айта кетейік, 22 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомстводағы мәліметтер бойынша, АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің салдары біздің елімізге де тиюі ықтимал.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Каспий маңы елдері тобына кіретіні және Иранмен әртүрлі салаларда ынтымақтастықты дамытып жатқаны атап өтілді.